Айына 200 миллион белсенді қолданушы

Read the original announcement in English

Соңғы 30 күн ішінде Telegram-ды 200 миллион адам қолданды. Бұл ақылға сыймайтын сан. Telegram ел болса, ол әлемдегі алтыншы ірі ел болар еді.

Бұл жетістікке жету үшін тек сіздерге – қолданушыларымызға қарыздармыз. Telegram-ды ешқашан жарнамамен ілгерілеткен емеспіз, сондықтан осы 200 миллион адамның бәрі Telegram-да, өйткені сіз оларды қосылуға шақырдыңыз.

Сондықтан сіздер – біздің қолданушыларымыз – жалғыз басымдығымыз болып келдіңіздер және әрқашан солай бола бересіздер. Басқа танымал қолданбалардан айырмашылығы, Telegram-да акционерлер мен жарнама берушілер жоқ. Біз маркетологтармен, деректер өндірушілермен немесе мемлекеттік агенттіктермен келісім жасамаймыз. 2013 жылдың тамызында іске қосылған күннен бастап біз қолданушыларымыздың жеке деректерінің бір байтын да үшінші тараптарға жария еткен жоқпыз.

Біз осылай жұмыс істейміз, себебі Telegram-ды ұйым немесе қолданба ретінде қарастырмаймыз. Біз үшін Telegram – бұл ғаламшардағы әрбір адамның еркін болуға құқығы бар деген идея.

Ең алдымен біз адамдарға сенеміз. Біз үшін адамдар ақылды және мейірімді жаратылыс иелері, олар сенім артуға лайық, олар өз ойларын бөлісу еркіндігіне, жеке қарым-қатынас еркіндігіне, құралдар жасау еркіндігіне ие. Бұл пәлсапа барлық ісімізді анықтайды.

Бұл Telegram-ның 2013 жылы ондаған миллион қолданушыға end-to-end шифрлауын енгізген алғашқы мессенджерге айналуына себеп болды. Бұл сондай-ақ Telegram-ның толықтай клиенттік кодын ашуға арналған алғашқы негізгі мессенджерге айналуына және Telegram-ның үшінші тарап қолданбалары мен боттарын әзірлеушілер үшін 100% ашық API ұсынатын алғашқы танымал мессенджерге айналуына себеп болды.

Жылдар бойы адамдарға деген сөзсіз сеніміміз бізге басқа қолданбалар жүзеге асыруға батылы бармайтын нәрселерді жасауға мүмкіндік берді, мысалы: өте үлкен топ чаттарын қолдау, шектеусіз жариялау арналары және еркін қолданушы жасаған стикер платформасы. Осы жағдайлардың бәрінде біздің адамдарға деген сеніміміз таңғажайып нәтижелер берді және қолданушылар бұл құралдарды жақсы қолданды.

Бізді ең көп шабыттандыратын нәрсе — Telegram-ның танымалдығының тез өсуіне қарағанда, бұл сенім екі жақты болуы мүмкін. Біз адамдарға сөзсіз сенеміз, бірақ 200 миллион адам бізге де сенеді екен.

Бұл үшін рақмет – біз әрқашан сіздерді қолдаймыз.



2018 жылы 22 наурыз
Павел Дуров