Жаңа дизайн, сыйлық жасау және т.б.

Read the original announcement in English
Жаңа дизайн, сыйлық жасау және т.б.

Бұл жаңарту айрықша жаңа сыйлықтар жасауға арналған крафтиң жүйесін, Android-қа арналған Telegram тарихындағы ең ауқымды бетбейне жаңартуын және т.б. мүмкіндіктерді қосады.

Қайта жасалған ауқымды дизайн

Android-қа арналған Telegram толықтай қайта жасалған бетбейнеге ие болды, ол навигация мен іздеуді бұрынғыдан да жылдам әрі интуитивті етеді. Жаңа төменгі тақта сізге чаттар, баптаулар, бейін және басқа бөлімдерге бір рет басу арқылы оңай ауысуға мүмкіндік береді.

Дизайн өзгерістеріне қоса, Android әзірлеушілеріміз бетбейне кодын толықтай қайта жазып шақты, тиімділікті барынша арттыру және оны бұрынғыдан да жылдам әрі жауап беретін ету үшін.

Бетбейне әсерлерін Баптау → Қуат үнемдеу режімі бөлімінде басқарып, өнімділікті арттыруға және батареяның қызмет ету мерзімін ұзартуға болады.

iOS әзірлеушілері қолданбаға одан да көп Liquid Glass элементтерін қосты, мысалы: қайта жасалған медиа көргі, стикерлер мен эмоджи жинағына арналған жаңа көрініс тақтасы, хатты таңдағанда жаңартылған мәзір.

iPads-та жаңа пернетақта баптауы бар, ол ⌘+Enter перне әрекеті бар хаттарды жібереді.

Топтан шыққанда жаңа әкімшіге иелікті беру

Топ иесі чаттан шықса, топтың иелігі бір аптадан кейін өздігінен әкімшілердің біріне беріледі.

Толық бақылау үшін топ иелеріне топтан шыққанда растау терезесі көрсетіледі, онда олар бірден жаңа иесін таңдай алады.

Топтан шыққанда жаңа әкімшіге иелікті беру

Топ және арна иелері чатты тастамай-ақ кез келген уақытта басқа мүшеге иелікті беруге болады.

Сыйлықты жасау

Жиынтық сыйлықтары іске қосылғаннан бері Telegram қолданушылары миллиондаған сыйлықтарды жасап, 100-ден астам жиынтық шығарды.

Бұл жаңарту крафтиң жүйесін енгізеді, онда бар сыйлықтарды біріктіріп ерекше, сирек, эпикалық немесе аңыз нұсқаларын жасауға болады, оларда керемет иллюстрациялар мен бірегей әсерлер бар.

Крафтиң бетбейнесі сізге 4 сыйлыққа дейін қосуға мүмкіндік береді, әр қосымша сыйлық табыстың мүмкіндігін арттырады. Бірдей төлсипаттары бар бірнеше сыйлықты қолдану соңғы затта сол төлсипаттардың пайда болу ықтималдығын жоғарылатады.

Telegram-дағы сыйлық нарығы арқылы кез келген адам жиналатын сыйлықтарды қауіпсіз сатып алып, сата алады.

Боттар үшін түрлі түсті батырмалар

Бот әзірлеушілері енді бетбейнені түсінікті ету немесе белгілі бір әрекеттерді ерекшелеу үшін батырмаларына түстер тағайындай алады.

Боттарға қатысты соңғы жаңартулардың толық мәліметін бот API-інің арнайы өзгерістерінен қараңыз.

Бұл жаңартудағы барлық мүмкіндік осылар. Біз келесі аңызға айналған мүмкіндіктер жиынтығын жасап болған соң қайта ораламыз.


2026 жылы 9 ақпан
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар

رسائل الترحيب، الأزرار في الرسائل والهدايا الموقعة

نقدم لكم رسائل الترحيب للترحيب بالأعضاء الجدد في المجموعات أو القنوات، والأزرار في الرسائل لجعل أي نص تفاعليًا، والمستندات المضمنة في الرسائل،…
25 там 2026

محرر النصوص الغني، الرسائل سريعة الزوال في المجموعات، المجتمعات، ٣٥٠ مليون صورة متحركة

نقدم لكم محرر نصوص غني لتنسيق وإنشاء النصوص، ومجتمعات تيليجرام التي تربط بين العديد من المجموعات…
14 шіл 2026

تطبيقات الساعات الذكية، النصوص الغنية للبوتات، حراس الذكاء الاصطناعي للمجموعات، والمزيد الكثير

تحديث اليوم يجلب تيليجرام إلى ساعة آبل وساعات أندرويد الذكية، ويضيف نصًا غنيًا للغاية للبوتات،…
11 мау 2026

بوتات الذكاء الاصطناعي المستضافة، المحادثات بين البوتات، أتمتة المحادثات، البحث في أكثر من ١٠٠ مليون رمز تعبيري وملصق

في تحديث اليوم؛ أضاف تطبيق تيليجرام أكثر من ١٠ميزات جديدة، بما في ذلك طرق تمكن المستخدمين…
7 мам 2026