Read the original announcement in English

Telegram-ның алдыңғы жаңартуы эмоджиді түбегейлі өзгертіп, жеке анимациялы эмоджи жасауға арналған ашық платформаны қосты. Бұл жаңарту сізге шексіз реакция және эмоджи статусы арқылы сезіміңізді білдіру үшін осы жаңа эмоджилерді қолданудың көбірек жолдарын ұсынады.
Енді барлық қолданушы ондаған реакцияға қол жеткізе алады, бұрын Telegram Premium жазылушыларына ғана қолжетімді болған,
сияқты реакциялар да бар. Жаңа эмоджилерді орналастыру үшін біз реакциялар тақтасын қайта жасап, оны кеңейтілетін етіп жасадық. Жиі қолданатын реакциялар жоғарғы бөлікте көрсетіледі.
Telegram Premium қолданушылары реакцияларды жеке эмоджи шексіз таңдауынан таңдай алады. Мыңдаған эмоджиден мыңдаған таңдауды жеңілдету үшін олар енді әр хатқа 3 реакцияға дейін жібере алады.
Реакцияларға енгізілген бұл өзгерістер қазіргі уақытта топтық және жеке чаттарда қолжетімді.
Топ әкімшілері өз топтарында жеке реакциялардың қолданылуын бақылай алады.
Бүгіннен бастап Premium қолданушылары аты-жөнінің жанында көрсетілетін анимациялы эмоджи күйін қоса алады, бұл олардың қалай сезінетінін немесе не істеп жатқанын бәріне тез хабарлау үшін керек. Бұл жеке статус Premium таңбаңыздың орнына қойылады.
Әртүрлі Telegram кейіптеріне сәйкес келу үшін түсін өзгертетін 7 стандартты статустың бірін орната аласыз немесе шексіз сандағы жеке эмоджи таңдаңыз. Жұмысқа, ұйқыға, саяхатқа және т.б. арналған танымал ұсыныстар жоғарыда көрсетіледі.
Чат тізімінің жоғарғы жағындағы Premium таңбасын басыңыз немесе баптауға өтіп, статусыңызды өзгертіңіз. Статусты белгілі бір уақытқа орнату үшін эмоджиді басып тұрыңыз.
Кез келген адам Telegram-ның ашық эмоджи платформасын қолдана отырып, Telegram Premium қолданушылары үшін бірегей өнер стильдері мен кейіпкерлері бар жеке жинақты жүктей алады.
Жүйеден жиі шығып, қайта кіретін қолданушылар енді сеанс кодын электронды пошта мекенжайы арқылы немесе Apple арқылы кіру немесе Google арқылы кіру арқылы ала алады.
iOS-та Telegram-ға тіркелу немесе кіру енді Android қолданушыларымызға таныс жаңа бетбейнелер мен көңілді анимациялар арқылы одан да жеңілдетілді.
Telegram-дағы барлық @қолданушы аты өзінің t.me/username сілтемелеріне ие, бұл жария бейініңізді, тобыңызды немесе арнаңызды ғаламтордың кез келген жерінде бөлісуді жеңілдетеді.
Әрбір қолданушы аты енді өз атын ерекшелегісі келетіндер (немесе / пернесін таба алмайтындар) үшін жаңа бірегей сілтеме пішіміне – username.t.me ие болды.
Белсенді жүктелетін медиа мен файлдарды іздеудегі «Жүктеу» бетінде немесе чат тізімінде пайда болатын таңбасын басу арқылы басқаруға болады. Енді сіз тізімдегі кез келген элементтерді реттеу және олардың басымдығын өзгерту үшін оларды басып тұрып, алдымен жоғарғы файлды жүктей аласыз.
Бұл мүмкіндік iOS-та бұрыннан қолжетімді еді,
тізіміндегі элементті басып тұрыңыз және Басымдығын көтеру таңдаңыз.
Android-та ашу, жабу және медианы ауыстыру үшін жаңа жатық анимациялар қосылды.
Android 13 немесе одан кейінгі нұсқалары барлар телефоныңыздың түнгі режім баптауы мен айқындама түсіне автоматты түрде сәйкес келетін кейіптік Telegram таңбасын таңдай алады.
Бүгінге осымен бітті. Жұрттың бәрі өз жұмысына, оқуына оралғанда, біз құпия зертханамызға қайта ораламыз, онда келесі жаңарту дайындалып жатыр.
2022 жылы 16 қыркүйек
Telegram командасы