Read the original announcement in English
Бүгінгі жаңартуда көптеген тамаша мүмкіндіктерге қосымша ретінде, біз қолданыстағы топ чаттарыңызды Telegram-ға көшірудің жаңа тәсілін енгіздік, админдерге арналған шақыру сілтемелері.
Ай өткен сайын ескі қызметтерден Telegram-ға көшуге себеп көбейеді. Тұрақты тарих, толық мәтінді бірден іздеу, ашық платформа, файлды шектеусіз бөлісу, бай сілтеме көрінісі, Desktop қолданбалары, жауаптар, ескертулер, хештегтер және т.б.
Бұрыннан бар топ чаттарын басқа қолданбалардан Telegram-ға көшіруге тырысқан болсаңыз, бұл оңай болмағанын білесіз. Тым көп жұмыс және машақаты көп болды, әркімнің қолданушы аттарын немесе телефон нөмірлерін жинап, оларды тобыңызға бір-бірден қосуыңыз керек болды. Бұл күндер артта қалғанын хабарлаймыз.
Топтарға шақыру сілтемелері бар болса, достарыңыз әлі де қолданатын кез келген хат алмасу қызметіндегі қолданыстағы топ чатына сілтеме жіберу жеткілікті. Telegram-ды алған бойда сол сілтеме арқылы өтіп, бірден сіздің Telegram-тобыңызға қосыла салады.
Сілтемені қайдан аласыз? Telegram желісінде топ ашқаннан кейін «Мүше қосу…» бөліміне өтіп, «Сілтеме арқылы топқа шақыру» батырмасын басыңыз. Оп-оңай!
Telegram командасы,
2015 жылы 30 сәуір