Read the original announcement in English

Бұл жаңарту қуат үнемдеудің жаңа режімін енгізеді, Telegram-ды төменгі деңгейдегі Android құрылғылары үшін оңтайландырады, ойнату жылдамдығының одан да көп теңшеуін қосады және т.б.
Telegram-ның әдемі анимациялары мен жеңіл әсерлері кез келген телефонды қуатты сезінуі үшін оңтайландырылған, бірақ енді оны ескі құрылғыларда батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту және өнімділікті жақсарту үшін өшіруге болады.
Қуат үнемдеу режімін батареяңыз белгілі бір пайызға жеткенде өздігінен қосылатын етіп орнатуға болады, сонымен қатар нақты әсерлерді өшіруге мүмкіндік беретін жеке қосқыштар бар.
iOS қолданушылары да қуат үнемдеу баптауын тұсқағаз жаңартуын шектеу үшін қолдана алады, бірақ бұны жасауға кеңес бермейміз, өйткені қолданбаңызды «Жаңарту…» әлдеқайда жиі көресіз.
Android үшін біз Telegram-ның қаншалықты жақсы жұмыс істейтінін көру үшін 200-ден астам құрылғы түрін қолмен сынап көрдік және барлық қолданушыға ең жақсы тәжірибені қамтамасыз ету үшін оңтайландырылған әдепкі баптауды жасадық.
Баптау → Қуатты үнемдеу арқылы қуат үнемдеу режімін ауыстыра аласыз немесе өздігінен ойнату, анимациялар мен әсерлер үшін жеке баптауды өзгерте аласыз.
Жыл бойы Telegram қолданушылары бейнелерді, подкасттарды, дауысхат пен бейнехаттарды ойнату жылдамдығын өзгерте алады. Енді сіз 0.2x–2.5x арасындағы кез келген жылдамдықты таңдау үшін батырмасын басып тұрып, одан да көп икемділікке ие бола аласыз.
Бейненің ойнату жылдамдығын өзгерту үшін немесе
батырмасын басып, содан кейін Ойнату жылдамдығы батырмасын басып, слайдерді жылжытыңыз.
Шағын топтарда бірлесіп жұмыс істеуді жеңілдету үшін, мүшелері 100-ге дейінгі топтардағы оқу туралы есеп енді әр адам хаттарыңызды оқыған уақытты көрсетеді.
Telegram қолданушылары оларды топтарға кімнің қоса алатынын бақылай алады. Бұны шектейтін адамды шақырсаңыз, енді оған шақыру сілтемесін хат ретінде тез жібере аласыз.
Шақыру сілтемелері енді чаттарда алдын ала көрсетіліп, олардың қайда апаратынын бірден көре аласыз.
Сізді топтарға тікелей кім қоса алатынын басқару үшін Баптау → Құпиялық пен қауіпсіздік → Топ пен арна бөліміне өтіңіз.
Алдыңғы жаңартудан бастап, оңай қол жеткізу үшін жуырда қолданған стикер жинағын тақтаның жоғарғы жағына жылжиды. Жинақтарыңыздың өз орнында қалғанын қаласаңыз, стикерлер тақтасындағы таңбасын басып, Динамикалық стикер қосқышын өшіре аласыз.
Бот әзірлеушілері енді бот сипаттамасы мен “Бұл боттың қолынан не келеді?” бөлімін көп тілге аудару арқылы өз боттарын толық локализациялай алады.
iOS қолданушылары бір рет басу арқылы барлық чатты оқыған деп белгілей алады. Хаттарды жіберу кезінде бумаларды қажетті чатты тез табу үшін қолдануға болады. Бұл жақсартулар келесі жаңартулардың бірінде біздің Android қолданбамызға да келеді.
Бұл жаңартуда Telegram Premium қолданушыларына арналған он жаңа жеке эмоджи жинағы бар ма деп ойласаңыз – иә, бар.
Аниматорларымыз ![]()
![]()
![]()
![]()
жаңа интерактивті нұсқаларын қосты. Олардың кез келгенін жеке чаттарда жіберіңіз, содан кейін өзіңіз бен чаттасыңыз үшін толық экран әсерін іске қосу үшін басыңыз. Әркім бұл эмоджилерді реакция ретінде де қолдана алады.
Осы жаңарту циклінде Telegram әзірлеушілері жаңа мүмкіндіктерді енгізуден екі апталық үзіліс алып, Telegram қолданбаларындағы 400-ден астам белгілі ақауларды жойды.
Біз келесі жаңартумен жұмыс істеп жатқанда, әркім suggestions.telegram.org арқылы командамызға мәселелерді хабарлау және ұсыныстар қалдыру үшін bugs.telegram.org қолдана алады.
2023 жылы 8 наурыз
Telegram командасы