Авто-жою, виджет пен мерзімі бар шақыру сілтеме

Read the original announcement in English
Авто-жою, виджет пен мерзімі бар шақыру сілтеме

Бұл жаңартуда кез келген чаттағы хаттарға арналған авто-жою таймері, жаңа ыңғайлы шақыру сілтемелері және чаттарға жылдам қол жеткізу үшін виджеттер қосылды. Сондай-ақ топтарда енді мүшелер саны шексіз болуы мүмкін.

Хатты авто-жою

Кейбір әңгімелер мәңгі сақталуға арналмаған, сондықтан Telegram қолданушылары кез келген уақытта чаттағы хаттарды барлық қатысушы үшін жою алады. 2013 жылдан бері қолданушылар құпия чаттарда хаттарға авто-жою таймерін орната алады.

Бүгіннен бастап, барлық Telegram чатында авто-жою таймерін қоса аласыз. Ол хаттарды барлық қатысушы үшін автоматты түрде 24 сағаттан немесе 7 күннен кейін жою.

Авто-жою таймер орнатылғаннан кейін жіберілген хаттарға қолданылады, бұрынғы хаттар чат тарихында қалады. Құпия чаттардан айырмашылығы, бұнда таймер хат жіберілген сәттен бастап кері санайды.

Android-та таймерді қосу үшін ⋮ басып → Тазалау батырмасын басып, уақытты таңдаңыз.
iOS-та хатты басып тұрып, Таңдау → Тазалау (жоғарғы сол жақта) → Авто-жоюды қосу тармағын таңдаңыз.

Барлық хатта жойылу таймері көрсетіледі, оны көру үшін Android-та хатты жай ғана басыңыз, ал iOS-та хатты басып тұрып көре аласыз. 🕵️

Мерзім аяқталғанға дейінгі уақыт

Топтар мен арналарда таймерді қосу немесе өзгерту мүмкіндігі тек әкімшілерге берілген.

Басты экран виджеттері

Маңызды чаттарға бірден қол жеткізу үшін басты экраныңызға Telegram виджетін қосыңыз. Чат виджеті соңғы хаттардың алдын ала көрінісін көрсетеді, ал Таңбаша тек атаулар мен бейін суреттерін көрсетеді.

Android-та виджеттегі чаттар мен хаттар әрқашан жаңартылып тұрады, әрі виджетті экранда көбірек орын алатындай етіп үлкейте аласыз. Ал iOS-та виджеттер тек кейде ғана жаңарып тұрады және үлкейтуге болмайды, бұл жүйелік шектеулерге байланысты.

Виджет қосу үшін басты экранда ұзақ басып тұрып, Android жүйесінде виджеттерді таңдаңыз немесе iOS жүйесінде (+) батырмасын басып, Telegram-ды іздеңіз.

Мерзімі бар шақыру сілтемелері

Шақыру сілтемелері топтар мен арналарға 1 адамды да, 1 миллион адамды да тез әрі оңай қосуға мүмкіндік береді. Негізгі шақыру сілтемесінен бөлек, иелер мен әкімшілер енді қосымша сілтемелерді белгілі бір мерзімге, қолдану санына немесе екеуіне бірдей шектеумен жасай алады.

Кез келген шақыру сілтемесін QR кодқа айналдырыда. Сондай-ақ әрбір шақыру сілтемесі арқылы қай қолданушы қосылғанын көріп, жаңа мүшелердің қайдан келгенін немесе қай пішім ең тиімді болғанын анықтай аласыз. 🚀

Шақыру сілтемелерін көру және басқару үшін топ немесе арна бейіні → Өңдеу → Шақыру сілтемесі тармаңын ашыңыз. Сілтемені QR кодқа айналдыру үшін (⋮) немесе (⋯) батырмасын басыңыз.

Мүше саны шексіз топтар

Telegram топтары 200 000 қатысушыға хат, медиафайл және стикер алмасуға мүмкіндік береді. Шектеуге жақындаған топтар енді таратушы топтарына айнала алады, бұнда мүше саны шексіз болады.

Топ таратушы тобына айналса, тек әкімшілер ғана хат жібере алады, бірақ мүшелер әлі де дауысчаттарға қосыла алады.

Таратушы топтар үлкен бірлестіктер үшін өте қолайлы, бұнда адамдар эксклюзивті сұхбаттарды, жаңалықтарды немесе жай ғана әңгімелерді бақылай алады.

Жақсартылған чат импорттау

Әзірлеушілеріміз өткен айда Telegram-ға қосылған чат импорттау мүмкіндігін жетілдіруді әрі кеңейтуді жалғастырып жатыр. Бүгінгі жаңартудан бастап импортталған хаттар жаңа чатқа немесе 1000 хаттан аз чатқа қосылған жағдайда, өздерінің бастапқы күні бойынша сұрыпталып көрінеді.

Бастапқы күні бойынша сұрыптау қазір барлық жеке чатқа, жаңадан құрылған топтар мен шағын топтарға импорттағанда қолжетімді.

Жақсартылған шағым жүйесі

Платформаның дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету үшін Telegram ай сайын миллиондаған қолданушы шағымдарын өңдейді. Бұл үдерісті тиімдірек ету мақсатында енді шағым жібергенде сізден міндетті түрде нақты хаттарды таңдауды сұраймыз.

Сонымен қатар шағымға қосымша пікір қосуды қоса аласыз, мысалы: жалған тіркелгілерге шағым жасағанда қосымша мәнмәтін беріңіз.

Тағы да анимациялы эмоджилер

Жаңа жаңарту әрқашан жаңа анимациялар әкеледі, сондықтан төмендегі жаңа кейіпкерлерді кез келген чатта бір эмоджи жіберіп сынап көріңіз.

Бүгінгі өзгерістер осы болды, енді бұл хат жойылады 3, 2, 1 … о, жоқ. Әлі емес, бұл блог жазбасы ғой, оларда ондай мүмкіндік жоқ екен. 😅


2021 жылы 23 ақпан
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар

AI 에디터, 마이티 폴, 라이브 포토, 봇이 관리하는 봇, 그리고 그 외 더 많은 기능

오늘 업데이트에서는 두 번의 탭만으로 텍스트를 번역, 변환 또는 수정할 수 있는 AI 에디터, 미디어 첨부 및 활성 설문에 대한 새로운 응답 제안과 같은 설문조사용 신규 기능, 모든 앱에서 라이브 및 모션 사진 지원, 다른 봇을 생성하고 관리할…
31 нау 2026

멤버 태그, 텔레그램으로 로그인, 공유 비활성화, GIF 편집, 날짜 형식 지정, 투표 타임스탬프

오늘 업데이트에서는 그룹 구성원이 자신을 나타낼 수 있도록 태그를 추가하고, 특정 1:1 대화에서 메시지 공유를 비활성화하는 설정, GIF 편집 및 캡션 기능, 텔레그램으로 앱과 웹사이트에 가입 및 로그인할 수 있는 새로운 도구 등 다양한 기능이…
1 нау 2026

새로운 디자인, 제작 기능 등

이번 업데이트는 안드로이드용 텔레그램 역사상 가장 큰 인터페이스 업데이트와, 독점적인 새로운 선물을 제작할 수 있는 크래프팅 시스템 등 다양한 기능을 추가합니다.
9 ақп 2026

AI 요약, 새로운 디자인 및 기타 기능

텔레그램의 2026년 첫 번째 업데이트는 iOS에서 더욱 많은 Liquid Glass 인터페이스와 채널 게시물 및 인스턴트 뷰 페이지에 대한 AI 요약 기능을 제공합니다. 이 모든 것은 프라이버시 극대화와 사용자 데이터 보호를 위해 설계되었습니다.
3 қаң 2026