Read the original announcement in English

Бүгінгі жаңарту жаңа құрамдас браузерді әкелді, ол бірнеше қойындыны қолдайды және Web3-ті миллиардтаған қолданушыға қолжетімді етеді, жаңа түрдегі шағын қолданбалар, достарға жұлдыз сыйлау мүмкіндігі және т.б. жаңалықтар бар.
Құрамдас браузерде ашылған беттерді енді жасырып, төменгі тақтадан қайта ашуға болады, бұл сізге хаттар мен веб-сайттар, көз жүрігту мақалалары және шағын қолданбалар арасында еркін ауысуға мүмкіндік береді.
Telegram браузері TON-да орналастырылған орталықтанбаған сайттарды қолдайды, барлық ұялы және Desktop қолданбасында. Бұл Web3-ті бір миллиардтаған айлық қолданушыларымызға бірден қолжетімді етеді.
Әйтеуір, криптоны әлемге танытқыңыз келсе болғаны. ![]()
Енді мақала оқығанда веб-бетті қарап отырғанда немесе ойын ойнағанда мәлімдеме келсе, оны тексеріп, үдерісті жоғалтпай қайта орала аласыз. Сондай-ақ беттерді кейін қайтып келу үшін бетбелгіге қосуға болады.
Әзірлеушілер TON Sites жайлы көбірек білу үшін ton.org сайтына кіре алады немесе getting-started.ton бетін Telegram-ның соңғы нұсқасында аша алады.
Шағын қолданбалар енді жеке контентті жасай алады, мысалы: ЖИ бейнелері, жетістіктер немесе лидерборд скриншоттары және оларды қолданушылар хикая ретінде бөлісе алады. Бұл жаңа қолданбалар түрін жасауға мүмкіндік береді және бар қолданбалардың аудитория арасында таралуына көмектеседі.
Тек мысықтарыңыздың бөлісетін хикаясы болуы мүмкін. ![]()
Әзірлеушілер бұл мүмкіндікті қосу жайлы толық ақпарды осы беттен ала алады.
Жұлдыз арқылы шағын қолданбаларда цифрлық өнімдерде сатып алуға немесе арналардағы ақылы контентке қол жеткізуге болады. Енді жұлдыздарды достарыңызға сыйлық ретінде сатып алып бере аласыз.
Достарыңызда Premium бар болуы мүмкін. ![]()
Жұлдыз сыйлау үшін Баптау → Жұлдыз бөліміне өтіңіз (iOS-та бұл мәзірді әзірге тек өзіңізге жұлдыз сатып алған болсаңыз көресіз).
Туған күнін атап жатқан қолданушылар тізімнің жоғарғы жағында арнайы бөлімде көрсетіледі. Сыйланған жұлдыздар чатта әдемі анимацияланған сыйлық қорапшасы түрінде шығады.
Енді бейнехаттар жазғанда экранды жарықтандыру үшін алдыңғы жарқылды қолдануға болады, қараңғыда түсіруді жеңілдетеді.
Сізге қараңғы жерлерде барлық басқа шам өшкен кездегі жарық қажет болған жағдайда ғана. ![]()
Хат жолағындағы микрофон таңбасын басып бейне жазуға ауысыңыз. Камера таңбасын басып тұрып бейнехат жазыңыз. Жазуды жалғастыру үшін жоғары сырғытыңыз және төменгі сол жақтағы жарқыл таңбасын басыңыз.
Қолданушылар енді хикаяға анимациялы ауа райы виджетін қоса алады. Күн шуақты селфиден бастап, шаңғы тебуге дейін.
Ыстық сияқты түсіріп алу керек болған жағдайда ғана. ![]()
Виджет өздігінен Цельсий (°C) немесе Фаренгейтке (°F) ауысады, көрерменнің құрылғы баптауына байланысты. Ашық түндерде ай фазасын көрсетеді.
Сондай-ақ хикаяға музыка, сілтемелер немесе орналасуды қосуға болады.
Бейінге бейне хикая жариялағанда, оның мұқаба суреті ретінде қай кадр қолданылатынын таңдай аласыз.
Хикаяны мұқабасына қарап бағалауыңыз мүмкін. ![]()
macOS-қа арналған Telegram қолданбасындағы жаңа браузерді көріңіз, ол ойындар, шағын қолданбалар, көз жүгірту беттері және Web3 ton-sites үшін қойындыларды қолдайды.
Компьютеріңізде ойнауға әуес болып қалуыңыз мүмкін. ![]()
Шілде жаңартуы осымен аяқталды. Тамыздағы жаңартуды ашық қойындыларымыздың арасынан күтеміз.
2024 жылы 31 шілде
Telegram командасы